1 ағаштың орнына 5 ағаш…

94

Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес қазіргі таңда Д. Қонаев-Т. Рысқұлов көшелерінің қиылысында жолайырықтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес Т. Рысқұлов көшесінің жүру бөлігінің ені кеңейтіліп, барьерлі қоршау орнату қарастырылған.

Осыған байланысты, құрылыс белдеуінде орналасқан жасыл желектер алынуы қажет. Қайта отырғызуға жарамды ағаштар «ЛТД Тұрмыс» жасыл желектерді күтіп ұстау ұйымымен желтоқсан-қаңтар айларында Қажымұқан стадионындағы скверге, Б. Момышұлы және Темірлан тас жолы бойына отырғызу жұмыстары жүргізілді. Жасы үлкен ағаштар қайта отырғызуға жарамсыз болғандықтан алынып жатыр.

Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін аталған көшелер бойын абаттандыру мақсатында жасыл желектерді отырғызу жұмыстары қарастырылатын болады. Сонымен қатар, Мердігер ұйым «Bazis Construction» ЖШС-пен алынған 1 ағаштың орнына 5 ағаш отырғызу жұмыстары атқарылатын болады.

Әлеуметтік желіде алаңдаушылық танытып, қаламыздың экологиялық жағдайын ойлағандарыңыз үшін рахмет!