«Әлди, әлди, ақ бөпем!» байқауында бақ сынаңыз!

316

\
Бесік жыры – балаға берілетін алғашқы тәрбие. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. Бесіктегі баланы әннің ырғағымен тербетеді. Бесік жырын тыңдап өскен баланың тілі ерте шығып, есте сақтау қабілеті жақсы жетіледі.

Осы тұста Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы қазақ келіндерін ұлттық тәрбиеге баулу, аналардың күнделікті тұрмыс-салтына бесік жырын енгізу мақсатында «Әлди, әлди ақ бөпем!» келіндер байқауын жариялайды.

БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ МЕН ШАРТЫ:

Байқау 11-30 наурыз аралығында орталықтың әлеуметтік желі парақшаларында өтеді. (инстаграм: @salt_dastur_ortalygy, фейсбук: Салт-дәстүр орталығы).
«Бесік жыры» бейнероликті өз инстаграм парақшаңызға, орталықты белгілеп (инстаграм: @salt_dastur_ortalygy) салу қажет. (видеоролик – 16.9 форматта (youtube формат) болуы, сапасы, көркемдеу ерекшелігі ескеріледі).
Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 18-35 жас аралығындағы сәбилі аналар қатыса алады.

Байқауға қатысушы үміткер орталық парақшасына (инстаграм: @salt_dastur_ortalygy) тіркеліп, байқау аралығында парақшасы ашық болу керек.
Егер үміткердің бейнеролигі барлық шарттарға сай болса, орталықтың (инстаграм: @salt_dastur_ortalygy) парақшасында жарияланады.
Байқауға қатысушы үміткерлердің бесік жырын орындауы мен мәтініне аса мән беріледі.

Қатысушылардың бейнероликтерін орталықта құрылған арнайы комиссия іріктеп, үздіктердің арасынан жеңімпаздарды оқырманның дауыс беруіне ұсынады. Ең көп пікір, лүпіл жинаған үміткерлер лайықты орындарды иеленеді.

Байқаудың қорытындысы 30 наурыз күні орталықтың парақшаларында (инстаграм: @salt_dastur_ortalygy, фейсбук: Салт-дәстүр орталығы) жарияланып, жеңімпаз бас жүлде, 1-орын, 2-орын, 3-орын иегерлері анықталып, бағалы және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.
Қатысушы үміткерлер орталықтың электронды почтасына salt_dastur2014@mail.ru өзі туралы мәлімет (телефон номері, жариялаған бейнероликтің толық нұсқасын) жіберу керек.

Қосымша сұрақтар бойынша 8707 746 02 70, 8701 319 21 35 нөмірлеріне хабарласыңыздар.

ҚҰРМЕТТІ КЕЛІНДЕР! СІЗДЕРДІ «ӘЛДИ, ӘЛДИ АҚ БӨПЕМ» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ! ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ БІРГЕ ДӘРІПТЕЙІК!