Шымкентте Наурыз мерекесі жаппай тойланбайды

143

Шымкентте Наурыз мерекесі жаппай тойланбайды. Яғни, қала тұрғындарына жаппай қыдыруға рұқсат жоқ. Алайда мерекелік іс-шараларды көк жәшіктен тамашалауға мүмкіндік бар. Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан брифингте осылай деді.

Оның сөзінше Шымкент жасыл аймақта тұрғанымен, эпидемиологиялық ахуал тұрақты емес. Осы жағдай ескеріле отырып наурыз мерекесіне арналған мәдени шараларға келуші саны шектеулі болмақ.

Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары: «Шымкентте Наурыз қазір аталып өтіліп жатыр. Бірақ 21,22,23-де осы нағыз наурыз мерекесінің тұсында халықтың ойындағыдай наурыз аталмайды. Біз залда өтіп жатқан іс-шаралардың барлығына жуығын птс пен арнайы түсіріп мына өзіміздің арнайы «Оңтүстік» телеарнасы бар, «Отырар» бар, «Айғақ» бар. Міне солардан көрсетеміз»,

Айта кетейік, Шымкентте жыл сайын Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында өтетін «Қошқар ата сейілі» көктемнің торқалы шарасы биыл да атап өтіледі. Алайда әзірге нақты күні белгісіз.

Мөлдір Ибадуллаева