Түн ортасына дейін жұмыс жасаған ойынхана

104

Ойынхана Шымкентте түн ортасында жұмыс істеген. Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері рейдтік іс-шараларды өткізу барысында «Gladiator» компьютерлік клубы түнгі сағат 12-де жұмыс істеп, карантиндік шектеулерді бұзғанын анықтады.

Ойынхана ішінде адамдар болған. Ойын мекемесінің әкімшісінен қолхат алынды, жиналған құжаттар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы заңнама талаптарын бұзу туралы бап бойынша шаралар қабылдау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

 Олжас Айдарбек