Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Ш. Уалиханов көшесі, №229 үйдің бірінші қабатына жапсырма орналасқан құрылыс нысаны, соттың шешімі негізінде мәжбүрлеп бұзылды.

Жоғарыда көрсетілген нысанның меншік иесі құрылыс нысанын «Қазастан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарын өрескел бұзғаны үшін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 316 бап, 1 тармақ, 321 бап, 319 бап және 463 баптың 1 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершіліктерге тартылып, құрылыс нысанын мәжбүрлеп бұзу туралы сот шешімі шықты. Сот шешімі орындалуда.

Құрылысты «Қазастан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңында белгіленген талаптарға сәйкес жүргізуге шақырамыз.

Құрылысты заң талаптарына сәйкес салу барлық азаматтардың қауіпсіздік кепілі.

QAINAR KÓZГаск Шымкент