Úı ANONS «Заңсыз құрылыс нысандары мен жеке үйлер салынып кеткен»

«Заңсыз құрылыс нысандары мен жеке үйлер салынып кеткен»

Шымкенттегі кейбір арық-атыздардың үстіне заңсыз құрылыстар мен жеке үйлер салынып кеткен. Сондықтан, жауын-шашынның суы барар жер таппай, көшеге жиналып қалған. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми өкілі мәлімдеді.

Мәселенің шешімін табу үшін тиісті жұмыстар кезең-кеңімен атқарылып жатыр. Ресми өкілдің айтуынша, тосын мінез танытқан табиғат құбылысына төтеп беру мүмкін емес. Бірақ, коммуналдық қызметкерлер тынбай еңбек етіп, көшелерді нөсер жауынның суынан тазартты.

СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Бұрын қала әлі кеңінен қанат жаймай тұрған уақытта, біздің қаламызда каналдар, судың арнасы болған. Сол каналдар, сол арналар оңды, солды, кейбіреуі заңды, кейбіреуі берілмеу керек болса да, беріліп, жекешенің қолына өтіп, ол жерге құрылыстар мен жеке үйлер салынып кеткен. Енді ол сулар қайда барады? Қаланың ортасына қарай».

Қала аумағында қысқы кезеңдегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілген. Бұл жұмыстарды атқаруға жауапты 5 мемлекеттік-жекешелік әріптестік ұйымынан 243 арнайы техника мен 2000-ға жуық қызметкер жұмылдырылған.

Сонымен қатар, көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға инертті материалдар, яғни құм-тұз қоспасы тұрақты түрде себілген. Қазіргі уақытта қала көшелеріндегі қарды тазалау және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары тиісті мекемелердің тұрақты бақылауында.

Нұргүл Жолымбетова