Арықтан әйелдің мәйіті табылды

108

Шымкент көшелерінде әйелдің өлі денесі табылды. Мәйіт «Асар» шағынауданындағы көпқабатты үйдің маңындағы арықта жатқан. Бұратылып жатқан денені бірінші болып қала тұрғындары көрген болуы керек. Полицейлер қазіргі таңда әйел азаматы елордалық екенін анықтады. Осы және өзге де мән-жайды қазір криминалистер тексеруде.

2021 жылғы 21 сәуір күні Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы көшелерінің бірінде жол жиегінде 39 жастағы әйел азаматшаның мәйіті табылды. Тексеру барысында аталған азаматша Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені анықталды.

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Оның өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Сараптамалар қорытындысы бойынша процестік шешім шығарылатын болады.

Назерке Үкібасова