2021 жылдың 8 сәуірінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің 102 арнасына жергілікті жердің автокөлік жалға беру орталығының директоры арызданды.

Ол өз арызында, 2021 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында белгісіз тұлға автокөлік жалға беру орталығына тиесілі автокөліктердің ішінен 17-сін жалға алып жүріп, аталған автокөліктерден 30 дана «катализаторларын» заңсыз жымқырып жүргенін анықтаған, соның салдарынан 15.000.000 теңге шығын келгенін жазып көрсеткен.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының 29 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.