Есепшотынан ақшасын шешіп алған

111

2021 жылдың 8 сәуірінде Қаратау аудандық полиция басқармасының 102 арнасы арқылы Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, өзінің жеке жұмыстарымен жүрген кезде өзінің атына ашылған банк қосымшасынан ұялы телефонына үздіксіз хабарлама келіп түскен.

Аталған хабарламада өзінің шотында тұрған ақшаны белгісіз тұлға әлеуметтік желіні пайдалану арқылы шешіп алғандығын көрсеткен.

Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен жергілікті жердің 31 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және өздерінің жеке деректері мен банк кодтарын бөліспеуге кеғес береді. Банк карточкаларымен, жеке куәліктерімен және басқа да құжаттармен мұқият болу керек. Егер Сіз аляқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі