ҚР Қарулы Күштерінде ұялы телефондарды пайдалану қағидалары жаңартылды. Қорғаныс министрлігінде техникалық құралдарды (оның ішінде мобильді құрылғыларды) енгізу, шығару және пайдалану тәртібін реттейтін бұйрыққа өзгерістер енгізілді.
Не өзгерді:
Бұған дейін әскери қызметшілер тек батырмалы телефондарды және қатаң шектеулі уақытта ғана пайдалана алатын.
Өзгерістер тұрмыстық жағдайларды жақсартуға және жақындармен байланыс орнатуға мүмкіндік беруге бағытталған.







