Көліктің мемлекеттік нөмірін үйде отырып-ақ алуға болады

112

Шымкенттегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы тұрғындарды мұнда келіп әуре болмауға шақырады. Көлікке берілетін мемлекеттік нөмірді рәсімдегісі және тіркеу куәлігін алғысы келген азаматтар egov сайты арқылы онлайн қызметке қол жеткізе алады.

Ал мамандар тіпті дайын құжаттарды үйіңізге дейін жеткізіп береді. Бұл қызметтің құны 2240 теңгені құрайды.

Алтынай САПАРӘЛІ. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы: «Ол үшін egov.kz сайтына тіркеліп, электронды өтінімді толтырып, қажетті мәліметтерді енгізу қажет. Барлық осы қарапайым қадамдар үй қызметін ұйымдастыруға жеткілікті. Бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік нөмір де, көлік құралына тіркеу куәлігі де сіздің қолыңызға жеткізіледі».

Айта кетейік, электронды үкімет порталында рәсімдеуге, қайта рәсімдеуге, нөмірді таңдауға, автокөлікті есепке қоюға және жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады.

Олжас Айдарбек