Шымкентте ломбардқа жалған алтын бұйымдар өткізген алаяқ ұсталды

294

2021 жылдың 16 сәуірде Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында 2021 жылдың 22 ақпан күні сағат 15-00-де белгісіз тұлға Шымкент қаласының ломбадтарының біріне алаяқтық жолмен, жалған алтын бұйымдар өткізіп, материалдық зиян келтіргенін жазып көрсеткен.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі басқармасының Учаскелік полиция инспекторларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 28 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.