Тұрмыстық зорлық-зомбылық қайта көбейген

573

Қазақстанда соңғы 5 жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық 2-3 есеге азайған. Алайда карантин басталғалы бұл көрсеткіш қайта көбейіпті. Осылай деген еліміздің полицейлері жасөспірімдерге жасалатын жыныстық сиапттағы қылмыстың да артқанын айтады. Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде отбасылық зорлықтың 203 жағдайы тіркелген.

Елімізде соңғы 5 жылда әйелдерге қатысты зорлық 2 есеге, ал жасөспірімдерге қатысты қылмыс 3 есеге азайған. Алайда, кеміген көрсеткіш карантин басталғалы қайта көбейді дейді қазақстандық полицейлер. Сөздерінше сұрықсыз статистика өткен жылдан 4 пайызға артқан. Оның 50 пайызы әйелдерге қатысты болса, 6,4 пайызы жасөспірімдерге жасалған жәбір.

Жауаптылар сөзінше отбасындағы қорлықтың 80 пайызына ер азаматтардың жұмыссыздығы себеп. Кесірінен пандемия басталғалы 11 мың әйел дағдарыс орталығына жеткізілген. Бар сұмдық мұнымен бітпейді. Биыл жасөспірімдерге жасалған жыныстық азғындық та 4,8 пайызға көбейген. Оның 20 пайызын полицейлер денсаулық басқармасымен бірлесіп анықтапты. 16 жасқа дейінгі бойжеткендер ауруханаға аяғы ауырлап жүгінген.

Жалпы жыл басталғалы елімізде 6 мыңнан аса қылмыс тіркелген. Оның 200-ден астамы тұрмыстық зорлық-зомбылық. Отбасылық зорлық-зомбылық жасағандарға берілетін ең ауыр жаза 20 жыл бас бостанығынан айыру немесе өмір бойына темір торға тоғытылу.

 Назерке Үкібасова