Жемқорлық бойынша 3 жылда 2 180 адам сотталған

169

Шымкент әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды модернизациялау бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар баяндалды.

Сыбайлас жемқорлықпен күресушілердің мәліметі бойынша республикада 3 жылда 2 180 адам сотталса, солардың 449 полиция қызметкері, 304-і білім саласының, 243-і құрылыс саласының мамандары екен. Ал ауыл шаруашылығы саласында 233, денсаулық сақтау саласында 186, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және энергетика саласында жүрген 184 адам заңды бұзған. Жаза қатаңдатылып жатса да пара алу, беру фактілері де азаймай отыр дейді агенттіктегілер. Пара беру бойынша ауыр жаза 3 жылдан 5 жылға ұлғайтылды.

145 мыңнан 8,7 млн. теңгеге дейін пара берген азаматқа жаза 5 жылдан 7 жылға дейін артты. Парақорлыққа делдал болу да жазаланады. Алғаш рет қылмыс жасағаны үшін ең жоғарғы жаза 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімді құрайды. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің тағы бір жолы – ынталандыру жүйесі енгізілді. Бұл бағытта 182 адамға 10,6 млн теңге көлемінде сыйақы берілген.

Шынар Оразова