Ораза айт намазы мешіт аулаларында оқылады

194

Биыл мешіттерде Ораза айт намазын оқуға рұқсат берілді, бірақ мешіт ішінде емес, ауласында оқылады. Дін өкілдері айт намазына келушілерден сақтық шараларын барынша сақтауларын сұрайды.

Айта кетейік, мешітте баратын жамағат дәретін үйден алып келуі қажет. Сонымен бірге өзімен бірге жайнамазы мен бетпердесін әкелуі шарт.

Бақдаулет АБДРАХМАНОВ,иШымкент қаласының бас имамы: «Құдайға шүкір, биыл айт намазын оқиын деп жатырмыз. Былтыр өкінішке орай, пандемияға байланысты карантин болды, мешіттер жабық болды. Сол мешіттер жабық болып былтыр айт намазын оқи алмаған едік Рамазан айтты да, Құрбан айтты да. Ашық алаңда, мешіт ауласында айт намазын оқимыз. Таңғы сағат 7-де».

Ораза айтта ауыз бекіту қаншалықты дұрыс? Шаһардың бас имамы бүгінде көптің қызу талқысына түскен бұл сауалға жауап берді. Айтуынша, айт күндері ораза ұстау дұрыс емес. Яғни, бүгін ауыз ашқаннан кейін таңертең сәресін ішудің қажеті жоқ. Айт намазына шыққанда шәй ішіп немесе кем дегенде құрма жеп шығу абзал.