Шымкент: Рамазан айында сәбилерге жиі қойылған есімдер

61
фото Sputnik

 Шымкенттіктердің сәуір айында ең жиі қойған есімдері белгілі болды. Үшінші мегаполис тұрғындары сәбилеріне Рамазан мен Раяна есімін беруді жөн санаған.

Нақтылап айтар болсақ, ораза айында өмірге келген 154 ұл балаға Рамазан, 66 қызға Раяна есімі беріліпті. Одан өзге Айсұлтан, Ислам, Айша деген есімдер де көп кездеседі.

Ақбота ҚАРНАҚБАЕВА, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы: «Рамазанды бірінші орынға қояды, әрине. Одан кейінгі есім Ислам. Раяна көп бізде, София көп тіркелген есімдер. Рамазан айынан да бөлек басқа айлардың өзінде бізде Раянаны өте көп қояды қыз балдарына. Шымкент қаласы бойынша бүгінгі күнге 306 неке бұзылған. Неке бұзу едәуір азайған. Туу, әрине көбейген. Бұл жақсы жаңалық».

Айта кетейік, жыл басынан бері Шыментте 13 500 бала дүние есігін ашқан. Оның ішінде 2758-і Рамазан айында, яғни 13-ші сәуір мен 12-ші мамыр аралығында өмірге келген. Сондай-ақ биыл шымкенттік 88 ана егіз, 3 ана үшем босанған.

 Мөлдір Ибадуллаева