Абай кітапханасында «Music and Art Community Space» залы жұмыс істейді

175

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов қайта жаңғыртудан өткен Абай атындағы қалалық орталық кітапханасының ашылу салтанатына қатысты.

19 маусым – қала күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросының директоры К.Пикат та арнайы келді.

Қала әкімі және мәслихат хатшысы кітапхана аумағындағы оқу аймақтары, кітап және оқырмандар залы, «Music and Art Community Space» залының жаңа жұмыс жүйесімен, кофехана, сондай–ақ, «Абай» муралының жұмыстарымен танысты.

Абай атындағы қалалық орталық кітапханада 2021 жылдың мамыр айында жаңғырту жұмыстары басталған еді. Жөндеу жұмыстары 19 маусым-қала күні мерекесі қарсаңында аяқталып, пайдалануға берілді.

Кітапханаға «Ашық» қосымша жүктемесі арқылы кіруге мүмкіндік бар.
Бүгінде Шымкент қаласында мәдениет нысандарында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.