Конституция күніне орай кітап көрмесі ашылды

2004
Мерекелік кеш

Ата заңымыздың қабылданғанына – 19 жыл. Атаулы датаға орай «Абай» атындағы орталық кітапханада дөңгелек үстел өтті. Шараға кітапхананың оқырмандары, Абай ауданы әкімдігінің мамандары мен облысымыздағы өзге де мәдени ошақтардың өкілдері қатысты. Басқосуда кітапхананың оқырмандары еліміздің ынтымаған сақтап, ауызбіршілігін арттырып отырған Конституциямыз жайына баяндамалар оқыды. Ал жас буын ақындар мерекеге шашу-жырларын арнады.

Мерекелік кеш

оқрмандар ата заңның маңызын талдады
 

Эльмира Бақберген, жас ақын: «Мен Ата заңымыз жайында өлең жаздым. Бірақ өлеңіммен Конституциямыздың қадірін толық жеткізе алдым деп айта алмаймын. Себебі, ол кез келген ақынның қолынан келе бермейді. Біздің Ата заңымыз ардақты, біз үшін киелі, қадірлі. Алдағы күндері тағы да өлең жазамын, осы өлеңімді толықтырамын деп ойлаймын.»

Ата Заңның құрметіне арналған кітап көрмесі
Кітап көрмесі

Гүлсім Шатырбекова, Абай атындағы орталық кітапхананың оқырманға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі: «Қазіргі уақытта біздің кітапханаға Ата заң туралы жаңа кітаптар келген. Сапалы кітаптар. Алдағы уақытта жаңа үлгілермен тағы толығамыз деп олаймыз. Әзірше кітап қоры жеткілікті. Ең бастысы, Ата заң туралы кітаптар оқырманның қолына беріледі. Оқырмандарымыз үйіне алып кетіп оқуы үшін бар жағдай жасалған.»

«Ата заң – мемлекетіміздің іргетасы» тақырыбы аясында өрбіген кеште жиналғандар ән айтып, өлең жолдарын оқыды. Заңның тарауларын талдауды да ұмытқан жоқ. Бұған қоса кітапхана ұжымы көпшілік назарына «Ата заңым – айбыным» тақырыбы аясында кітап көрмесін ұсынды.