Қазақтың тұңғыш елшісі Нәзір Төреқұловқа 120 жыл

1081
Нәзір Төреқұлұлының 125 жылдығы халықаралық дәрежеде аталып өтіледі деп күтілуде.
Нәзір Төреқұловтың 120 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтті

Қаламыздағы Абай атындағы орталықтандырырылған кітапханада Нәзір Төреғұлұлының 120 жылдығына орай ғылыми-теориялық конференция өтті. Арнайы шараға ақын Ханбибі Есенқарақызы, ҚР Құрметті журналисі Бәйділә Қонысбек, әдебиетттанушы ғалым Нұрлан Мыңбаев сынды бір топ аға буын бас болды.  Ең алдымен, зиялы қауым өкілдері «Суреттер сыр шерткенде» –  Ұлы тұлғаға арналған кітап көрмесін ашты.

Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың өміржолынан сыр шертетін жиын барысында түркітанушы, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Н.Төреғұлұлы атындағыы халықаралық сыйлықтың лауреаты, нәзіртанушы  Сәрсен Бек Сахабаттың «Нәзірден нәзіл – нәсіре» атты кітабының да тұсауы кесілді. Осылайша, 98 беттен құралған кітаптың 40 данасы қаламыздағы кітапханалардың сөрелерінен орын алды. Кітаптың редакторы – Перизат Алшабаева.

Сәрсенбек Сахабат, түркітанушы, жазушы: «Менің бұл кітапты жазып шығуыма үлкен дүние түрткі болды негізі. Сонымен қоса, алғашында Нәзір турасында білімім өте аз болатын. Жалпы жан дүниесін дұрыс танмайтынмын десем болады. Мен көбіне Санжар мен Сұлтанбек жайында көп еститінмін. Бірақ тағдыр осылай болды, маған Қазыбырай Смайл жолықты. Сосын ол кісі маған Нәзір Төреғұлұлын зерттейік деп ұсыныс білдірді. Мен де «Егер маған Ташкенттің мұрағатымен жұмыс жасауға мүмкіндік әпере алсаңыз, мен бірауыздан зерттеуге кірісер едім дедім». Міне, осы келісімнің нәтижесі мынау алдарыңызда тұрған еңбектің дүниеге келуіне сеп болды. Ең бастысы, біз Қазыбырайдың әруағына алғысымызды білдіруіміз керек деп есептеймін. Себебі, ол кісі бізге Нәзірді сыйлады. Бүгін бұл еңбектің санаулы ғана данасы жарық көріп отыр, мұның барлығы да қаржыға тіреледі емес пе?! Алдағы уақытта демеушілер табылып жатса, өзге де кітапханаларға үлестіріледі деген сенім мол».

Нәзір Төреқұловтың 120 жылдығына арналып кітап көрмесі ашылды

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақтың тұңғыш елшісі, ғалым Нәзір Төреқұлов халықтың мүддесі үшін өмір сүрді. Алаштың азаматы «Еркін дала» ұйымының алғашқы құрылтайын ұйымдастырған. Торғайдағы «қазақ мұңы» , Түркітан Республикасында бірнеше газет, жорналдардың редакторы болған.  Мәскеуде орталық баспа редакторы, «Темірқазіқ» журналының редакторы қызметін атқарған. 1937 жылы «Халық жауы»деп айыпталып, атылған тұлғаның өміржолы ел есінде мәңгі жатталауы тиіс.

Ханбибі Есенқарақызы, ОҚО қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры: » Көпшіліктің бірі білер, бірі білмес Нәзір Төреқұлов 7 тілді меңгерген, қазақтан шыққан тұңғыш дипломат! Бүгінде жасыратыны жоқ,  Алаш үшін бәз кешкен аптал азаматтарды жастар қауымы танымай жүр. Көшеде кетіп бара жатқан кез келген жас толқыннан «мына кісі кім?» деп сұрайтын болсаң, дұрыс жауап қатпауы мүмкін. Бұл жанымызға тиеді әрине. Біздің мұражай Республикадағы жалғыз қуғын-сүргін құрбандары мұражайы болғандықтан, мұнда келіп, етене танысып кетіп жатқан жастар да жетерлік. Алайда менің ойымша, біздің Шымкентте 300 -ден астам газет-басылымдар жарық көреді. Бірнеше телеарналар бар. Осы БАҚ-тар  ақпараттық жағынан жұртшылықты сусындатып, осындай қазақтың жанашыры болған, елдің ертеңі үшін құрбан болған азаматтардың өмір жолы мен жасаған ерліктерімен таныстырып отыруы керек деп есептеймін. Әйтпеген жағдайда, тарих шаң басқан сөрелерде жата бермек». 

 

Нәзір Төреқұлұлының 125 жылдығы халықаралық дәрежеде аталып өтіледі деп күтілуде.

Ғылыми-теориялық конференцияда ғалым жайында естеліктер айтылды. Жастар оның өмір жолы мен еңбегі турасында ғылыми жұмыстарымен таныстырды. Болашақта Нәзір Төреқұлов жайында ауқымды еңбектер жазуды көздеп жүрген мектеп оқушыларының жоспары аға буынның жанына қуаныш сыйлады. 

Айжан Алтынбек, №47 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы: «Мен ғылыми жоба жазып шықтым. Бұл жұмысым Нәзір Төреғұлұлының өміріне, ол кісінің жүріп өткен даңғылына арналып отыр. Осы еңбегім арқылы алдағы уақытта замандастарыма Нәзір ағамыздың кім және қандай адам екенін ұқтырғым келді. Сол үшінде талмай-тынбай ізденіп жазып шықтым. Болашақта бұл ғылыми жобамды дамытып, Нәзір Төреқұловтың болмысын көпшілікке ұсынатын боламын деген жоспар жоқ емес».

Айта өтейік, бүгінде Республикамыздың түкпір-түкпірінде Ұлы тұлғаның 120 жылдығына арнайы еске алу кештер мен ғылыми теориялық конференциялар өтікізіліп, ерекше еске алынуда. Соныме қоса,  Нәзір Төреқұлұлының 125 жылдығы халықаралық дәрежеде аталып өтіледі деп күтілуде.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=CrNQoLydmBA[/youtube]