Альфа итінің көмегімен шөп ұрлаған күдікті ұсталды

358

 

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда белгісіз тұлға ауласындағы кептіріліп, буылған шөбін ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының №39 УПП учаскелік полиция инспекторлары Кинология қызмет орталығының Альфа лақап атты итінің көмегімен күдіктінің ізіне түсіп, Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.