Арнайы экономикалық аймақ кәсіпорындарына жұмыссыз азаматтарды тарту бағытында келіссөз жүргізілді

83

 

Қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері қала аумағында орналасқан «Оңтүстік» АЭА-ғы «Бал Текстиль» кілем тоқыма фабрикасының басшылығымен кездесті. «Бал-Текстиль» ЖШС-гі қазақстандық кәсіпкерлердің «KARTAL CARPETS» түрік компаниясымен бірлескен жобасы.

Аталған компания Түркия Республикасындағы кілем өндірісінің алғашқы ондығына кіретін тауарлардың ірі экспорттаушысы. Кілем және кілем бұйымдарын өндіру фабрикасы «Оңтүстік» АЭА аумағында 2013 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді. 2015 жылы синтетикалық иірімжіпті өндіру бойынша екінші жобасы пайдалануға берілді, бұл өнімнің өзіндік құнын 20% — ға арзандатуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтарында кілем және кілем бұйымдарын өндіру бойынша үшінші жобасы іске қосылды.

Кездесуде аталған кәсіпорынға жұмыссыз азаматтарды «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жұмыспен қамту бағытында келіссөздер және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігі, атап айтқанда «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс» бағыттарына мемлекет есебінен ақылы жұмыстарға жұмыссыздарды тарту мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Техникалық мамандық иелерін кәсіпорынға тартуды көздеген кілем фабрикасының өкілдері мемлекеттік бағдарлама шеңберінде алдағы уақытта қажетті мамандарды жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыруды жоспарға алып отыр.

Айта кетейік, соңғы жылдары «Бал текстиль» фабрикасы шетелдік компаниялармен келісімге келудің нәтижесінде экспорт көлемін ұлғайтты. Шығарылған өнімнің 30 пайыздан астамы ТМД елдері мен алыс шет елдерге экспортталады.Фабриканың Франция, Ұлыбритания, Ресей, Германия, Тәжікстан,Әзірбайжан және Қырғызстан секілді елдерден 20-дан астам тапсырыс берушісі бар.