«Bal Carpet»: Шымкентте ерекше отандық кілем форумы өтті

21

Үшінші мегаполисте «Отандық кілем форумы» өтті. Шара «Бал Текстиль» компаниясының құрылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Онда кілем өндірісінің даму қарқыны мен болашағы сараланды. Сонымен қатар әлемдік сауда нарығында белді бәсекелес атану үшін фабрика бренді ауысты.

Шымкентте бірегей «Отандық кілем форумы» өтті. Онда еліміздің түкпір-түкпірінен 400 кәсіпкер келіп қатысты. Соның бірі оралдық – Бөгенбай Молдашев. Ол «Бал Текстиль» компаниясымен кілем сататын дүкенін ашқаннан бері серіктес болып жұмыс естеп келеді. Қала қонағы қазір Батыс Қазақстандықтар арасында отандық өнімге деген сұраныс жоғары екенін айтады.


Бөгенбай Молдашев, кәсіпкер: «Бізде Оралда 6 дүкен бар. 2018 жылы «Бал Текстиль» дүкені еді. Сол кезден бастып жұмыс істеп келеміз. Қазір 50 пайыз осы «Бал Текстиль» өнімін сатамыз».

Ал жергілікті «Демеу кілем» дүкені жақында «Бал Текстиль» компаниясының өнімін саудалайтын үлкен маркет ашқан.

Демеу Жақып, кәсіпкер: «Біз жақында жаңа дүкен аштық. Біздің мақсатымыз – отандық өнімді «Бал Карпеттің» өнімдерін қолдау ретінде серіктес болып ашқанбыз. Ондағы кілемнің 80 пайызы «Бал Карпет» өнімдері болады».


2013 жылы 4 қана станокпен жұмысын бастаған кәсіпорын, бүгінде еліміздегі алдыңғы қатарлы фабрикаға айналды. Қазақстан бойынша 500 дестрибьютер «Бал Текстильдің» өнімін саудаға шығарады. Одан бөлек 30 пайыз тауар алыс-жақын шетелдерге экспортталады. Басшылық қазақстандық брендті әлемде трендке айналдыру үшін фабрика атауын «Bal Carpet» деп өзгертуге шешім шығарды.


Талғат Ысқақов, «Бал Текстиль» ЖШС-нің құрылтайшысы: «Халыққа түсінікті болсын деп «Bal Carpet» брендін жариялап отырмыз. «Bal Carpet» бренді арқылы отандық брендті қалыптастыру біздің мақсатымыз. Одан кейін шетелдерде де брендті қалыптастыру. Біз кілемді өндіреміз. Ал оны әрі қарай халыққа жеткізетін біздің серіктестеріміз. Біздің мақсатымыз осы серіктестермен бірге жұмыс істеу. Яғни серіктестердің талабына қарай кілем шығару. Біз қазір бірнеше жаңа коллекцияны шығардық. Халыққа ұсынып отырмыз».

Фабрика күніне 30 тоннаға жуық жіп өндірсе, жылына 6 млн. шаршы метрге тарта кілем өнімі сауда нарығына жол тартады. Форум барысында қатысушыларды кілем өндірісінен хабардар етіп қана қоймай, оның болашағы мен даму жолдары саралады.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Сіздермен өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында кездесіп отырғанымызға қуаныштымыз. 400-ден астам бизнес қауымдастығының өкілдері келіп қатысты. Бұл форумның еліміздегі кілем өндірісінің дамуына ықпал етіп, өңіраралық ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенімдімін»


Үшінші мегаполистік «Бал Текстиль» компаниясының құрылғанына 10 жыл толуына орай өткен форумда сауда жасау тетігі, бренд қалыптастыру, тұтынушымен байланыс орнату сынды бірқатар тренингтер өткізілді. Ал шара соңында фабрика серіктестеріне арнап алғыс хат пен қомақты сыйлықтар табыс етілді.