«ПетроҚазахстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы күрделі жөндеудің аяқталғандығы туралы хабарлайды.
Шымкент мұнай өңдеу зауытында ҚР Энергетика Министрлігімен бекітілген Жоспарлы-сақтық жөндеу кестесіне сәйкес күрделі жөндеу шеңберіндегі барлық іс-шаралар аяқталды.
Келесі жұмыстар көлемі орындалды: құбырлар жабдықтарын техникалық куәландыру, өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізу, негізгі және қосалқы қондырғылардың технологиялық жабдықтарын, аппараттарын, құбырларын, технологиялық пештерін, сораптық-компрессорлық тораптарын, кабель желілерін, электрлік жабдықтарын, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикаларын жөндеу.
Жөндеу жұмыстары белгіленген жұмыс процедураларына қатаң сәйкестікте және қолданыстағы барлық өнеркәсіптік, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасының нормалары мен қағидаларын сақтай отырып орындалды.
Зауытта шикізатты бере отырып және өндіріс технологиясына сәйкес тауарлық өнімді өндіре отырып, бастапқы мұнай өңдеу қондырғыларын іске қосу жұмыстары басталды.