Мұнай өңдеу зауыттарындағы жоспарлы жұмыстар 2023 жылға шегерілді

82

Биыл екі мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары келесі жылға шегерілді. Мұндай шешімнің қабылдануына көктемгі егін науқанының жақындап қалуы себеп болған. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.

Шаруаларға дизельдік отынды жөнелту осы ақпан айынан басталады. Биыл егін егу жұмыстары ерте басталатын оңтүстік өңірлерге 850 мың тонна сұйық отын бөлу жоспарланған.

Шынар Оразова