Шымкент, Түркістан: Алдағы күндері тағы да аптап ыстық күтілуде

369

Шымкентте тағы да аптап ыстық күтілуде. Синоптиктер болжамы бойынша шаһарда 17-сі мен 23 шілде аралығында сынап бағаны күндіз 40 градусқа дейін жетуі ықтимал. Ал түнде 20-22 градус жылы болады дейді.

Бұл күндері жауын-шашын күтіліп отырған жоқ. Бірақ солтүстік шығыстан секундына 13 метр жылдамдықпен жел соғуы мүмкін екен.

Динара Айтмырзаева, «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі: «Шымкент қаласында алдағы 17 шілдеден бастап температура біртіндеп көтеріле бастайды. Яғни, 34,36 градус жылыдан. 37-39 градус жылыға дейін максимумға жетеді. Яғни, өткендегідей 45 градус ыстық күтілмесе де, 40 шрадусқа дейінгі ыстықты күтіп отырмыз».

Түркістан облысында да ауа температурасы +35 +40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Тек 20 шілде кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай мен шаңды дауыл күтілуде. Сондай-ақ солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады дейді мамандар. Желдің күші шамамен секундына 9-14 метрге жетеді деп болжануда.
                                        Мөлдір Ибадуллаева