Шымкентте өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 650 жағдай тіркелді

95

Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 650 жағдай (516 симптоммен, 134 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 211 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 439 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 3250 адам вакцина алды (I компонент-1018, II компонент-2232). Егу науқаны басталғалы барлығы 368 443 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 273 625 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Айта кетейік, медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға шақырады.