Темекі өнімдерін сататын кәсіпкерлерге таңбаланған тауарларды бақылау үшін қымбат жабдық сатып алудың қажеті жоқ.
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мәлімдеді. Тауарларды таңбалау арқылы контрафактілік өнімдердің айналымына шектеу қойылып, көлеңкелі экономиканың деңгейі төмендейді. Мұндай озық әдісті қазір Еуроодақ елдері мен Түркия, Бразилия секілді бірқатар мемлекеттер қолданылып келеді.
Айта кетейік, елімізде өткен жылы 1 қазаннан фильтрлі темекіге, биыл 1-сәуірден темекінің басқа түрлеріне міндетті таңбалау енгізілді. Тауарларды таңбалауда негізгі шығын импорттаушылар мен өндірушілерге жүктелген.
Шынар Оразова