фото tirshilik-tynysy.kz

Қараша айынан бастап 7 жол ақылы болады. Олар Нұр-Сұлтан – Павлодар, Щучинск – Көкшетау, Қапшағай-Талдықорған, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар және Шымкент – Қызылорда бағыты.

«ҚазАвтоЖолдың» хабарлауынша, учаскелер қазір жабдықталу үстінде. КСМ 1 қазаннан бастап ақылы жолдар сынақ режимінде жұмыс істейді. Ал ақы төлеу қарашада енгізілмек.

Мамандар төлем мөлшері 2013 жылдан бері өзгермегенін және алдағы уақытта сол бағамен есептелетінін айтады.

Шынар Оразова