«Шымкент-Қызылорда» жекпе-жек айтысы өтті

598
Ержеңіс пен Қалижан әзіл-айтыстарымен көпшілікті күлкіге көмді

Шымкентте, Сәкен Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйінде, 19-мамыр күні Шымкент пен Қызылорда айтыскерлерінің жекпе-жек айтысы өтті. Өнер бәсекесі сатира сардары Садықбек Адамбековтың 90 жылдығына арналды. Бұл айтыстың өзге де айтыстардан ерекшелігі сол – төреші де, қазылар да – халық болды. Сондықтан от ауызды, орақ тілді ақындар оймақтай ойларын бүкпесіз жеткізді. Ақындар жүлделеріне жеке кәсіпкерлер демеушілік жасады. Айтысті белгілі ысқақашы Көпен Әмірбек жүргізді.

Жекпе-жек айтыста 5 жұп өз өнерлерін ортаға салды. 1-жұп болып қызылордалық жас ақын Ержеңіс Әбдиев пен жерлесіміз Қалижан Білдәшов кездесті. Әбілқайыр Сыздықов (Қызылорда облысы) пен Бекарыс Шойбеков (Оңтүстік Қазақстан облысы), Бөрібай Оразымбетов (Оңтүстік қазақстан облысы) пен Жадыра Қазиева (Қызылорда облысы), Ақмарал Леубаева (Оңтүстік қазақстан облысы) мен Нұрмат Мансуров (Қызылорда облысы.), Карима Оралова (Оңтүстік Қазақстан облысы) мен Мұхтар Ниязов (Қызылорда облысы) айтысты.

Айтыс десе ішкен асын жерге қоятын Оңтүстік жұртшылығы екі өлкенің ақындарына бағасын беріп отырды. Өнердің қаймағы бұзылмаған Оңтүстік ақындарының жырлары ұтымды шықты дейді, айтыссүйер қауым. Әзіл-қалжыңға толы суырыпсалмалар сайысы көпшілікті күлкіге көмді.

Нәтижесінде, екі облыстың ақындарына бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Көпен Әмірбек, ысқақшы: «Садықбек Адамбековтың өмірден өткеніне де 10 жыл болып қалыпты. Сондықтан ҚР жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин ОҚО-ның әкіміне хат жолдаған екен. Сәкеңнің 90 жылдығына арналған жыр додасы өтсін деген мазмұн-мағынада. Бұл шараны мен де құптаймын. Халықты қалжыңмен қарқ қылған, тұңғыш қазақ әдебиетінде сатиралық роман жазған қаламгерге қандай құрмет көрсетілсе де лайық. Сондай-ақ Садықбек ағамыщ Оңтүстік өңірінде туылғанымен, кіндігі кесілгенімен, тек Оңтүстіктің емес, күллі Қазақстанның мақтан тұтар азаматы. Кеңес үкіметі кезінде көптеген пьесалары шет елдерде де қойылып, тиісті бағасын алды. Енді ағмыздың іздеушісі, жоқтаушысы ретінде біз осындай әзіл-айтысты ұйымдастырып отырмыз».

Ержеңіс Әбдиев Оңтүстік ақындарына көзқарасын білдірді

Ержеңіс Әбдиев, қызылордалық ақын: «Біз Оңтүстіктің ақындарын құрметтейміз. Расында Бекарыс сынды ақын ағалардан үйренеріміз көп. Сахананың сырына көндіккен аға-әпкелеріміз әзілдесе отырып, айтыстың маңызын көрсетті. Ең бастысы, Садықбек ағамызды жырымызға арқау етіп, құрметпен еске алудамыз».