«Бай-бағландардың кесірінен жүріп-тұра алмай қалдық»

70

Шенеуніктердің жауапсыздығынан шаршаған Әл-Фараби ауданының тұрғындары біздің арнамызға шағымданды. Сөздерінше, 3 жылдан бері жырлап келе жатқан мәселелері әлі күнге дейін шешімін таппаған. Бүгінде өз ауламызда алаңсыз жүріп-тұрудан қалдық деген жұрт заңсыз нысаннның бұзылуын талап етіп отыр. Әрі атқамінерлердің бұл мәселеге бей-жай қарамауын сұрайды.

«Бай-бағландардың кесірінен жүріп-тұра алмай қалдық». Осылай деген тұрғындар ауласында белгісіз нысанның бой көтергенін айтады. Арызын арқалап Әл-Фараби ауданының әкімшілгіне барған халыққа нысанның заңсыз екенін жеткізіпті. Бірақ оны сүру біздің құзырымызда емес деген көрінеді. Енді не істерін білмей отырған жұрт арнамызға шағымданды.

Қызтумас Байларова, зейнеткер: «Міне, отыратын орнымызда жоқ. Қайдағы спорт алаңшасы, отырып-тұратын жеріміз жоқ. Барлық үйлердің алдында балалар ойнайтын алаңша бар».

Володорский көшесінің №5 үй тұрғындары бұл мәселені 3 жылдан бері көтеріп келе жатыр екен. Айтуларынша, жауапты мамандар бұл жерді зерделеу үшін сан рет ат басын бұрған. Алайда жергілікті жұрт ешбір сұрағымызға нақты жауап бермейді деп ашынады.

«Келген кезде «қырамыз, жоямыз» деп келеді да звондайды, звондағаннан кейін үндері өшіп кетеді. Сұрақтың бәрі жауапсыз қалады», дейді тұрғындар.

Шыр-пыр болған жұрттың жанайқайын тыңдаған соң бұл іске жауапты басқармаларды шақырып көрдік. Алайда бірнеше себепті сылтау еткен олар халықпен жүздесуден бас тартты. Бірақ, біз ұялы телефон арқылы сұқбаттасуға тырыстық.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының өкілдері бұл нысан иесі жеке кәсіпкер екенін алға тартты. Сондықтан жарияланған мараторийге байланысты оларды тексере алмайтындықтарын жеткізді. Әрі мәселенің шешімі сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының құзыретінде екенін айтты. Ал олардың жауабы келесідей болды.

Нұрлан Архабаев, Шымкент қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы: «Енді бұл жерде мынау ГАСК, орта сапаны бақылау өзінің шеңберінде дұрыс жұмыс атқармай отыр ғой. Олар жаңағы кәсіпкерлік ИП-сы бар деп хатпен бізге жауап бере салыпты. Ал ол жердегі гаражға ИПның қажеті жоқ қой. Гараж ғой ол гараж тұрғаннан кейін жеке адам салады ғой оны ИП салмайды ғой. Ал жоқ ол кісінің ИП-сы бар екен деген да казір мораторий ғой ол тексеру сөйткенда сонымен қайтарып жібере салған бізге».

Мұндай шиеленістің бар екенін жасырмаған Нұрлан Архабаев халықтың сотқа шағымдануға құқылы екенін жеткізді. Сол арқылы заңсыз нысанның сүрілуін талап ете алады деп кеңес берді басқарма басшысы.

Мөлдір Ибадуллаева