Дауылды ескерту: Шымкентте жел тұрады

147

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескерту жариялады. Хабарламада 27 қыркүйекте қала аумағында екпіні 15-20 метр/сек батыстан жел тұрады делінген.

Келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында төтеншеліктер қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Мамандардың айтуынша 112 қауырт желісі мен 33-74-78 сенім телефоны тәулік бойы үздіксіз қызмет көрсетеді.

Дархан Айханов, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы: «Шымкент қаласында төтенше жағдай орын алмады. Алайда төтенше жағдай туындаса жеке құрам дайын отыр».

Шынар Оразова