Түркістан халқы онлайн санақтан белсенді өтіп жатыр. Қазірге дейін оңтүстік аймағы бойынша 118 мыңнан астам респондент онлайн санақтан өткен.
Бірінші орында Сайрам ауданы алда оқ бойы озып келе жатыр. Атап айтқанда, 23 мың респондент sanaq.gov.kz сауалдарына жауап берген. Келесі тізімде Қазығұрт ауданы бойынша – 14 711, Ордабасы ауданынан 12 191 адам, Түлкібас ауданынан 9085 адам санақтың сұрақтарынан өткен.
Санақ барысында тұрғындардың өсу динамикасын әрі тұрмыс-тіршілігін, экономикасын анықтауға болады. Бұдан бөлек, sanaq.gov.kz өтпеген тұрғындар арасында 1-нен 30 қазанға дейін планшеттерді пайдалану арқылы өткізілетін болады.
Бұл кезеңде 350 нұсқаушы-бақылаушы және 2385 интервьюер жұмысқа тартылады.
Әлихан Файзханов