Ө.Шөкеев: «Ұлттық санақ – өте маңызды науқан»

115

Түркістан облысының әкімі Ұлттық халық санағы маңызды науқан екенін екенін айтып, бұл бағыттағы жұмысты ширату қажеттігін тапсырды. Ол өңір тұрғындарын он жылда бір болатын маңызды науқанға жауапкершілікпен ат салысуға шақырды. Бұл туралы ол аппарат отрысында мәлімдеді.

Соңғы тәулікте Түркістан облысында 118 112 респондент онлайн санақтан өткен. Халық санағына бір тәуліктен 23 мыңға жуық халқы санақтан өткен Сайрам ауданының тұрғындары белсенділік танытуда.

Биылғы санаққа әлеуметтік желі арқылы sanaq.gov.kz мамындырылған сайты арқылы 24 сағат бойы онлайн қатыса аласыз.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 қазан аралығында Қазақстан Республикасы халқының кезекті ұлттық санағы өткізілуде. Халық санағы Қазақстандағы түгел жұртты, елден тыс жүрген республика азаматтарының барлығын қамтиды.

Жанерке Хумар