Офицер қайтыс болды

54

Алматыда офицер оқу-жаттығу кезіндегі парашюттен секіру барысында қаза тапты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. Оқиға 14 қыркүйекте болған.

31 жастағы капитан бұған дейін 50 рет парашюттен секірген екен. Штаттан тыс құтқару парашют-десанттар тобы құрамына кірген.

Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр. Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан қарулы күштерінің жеке құрамы марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Отбасына көмек көрсетіледі.

Жанерке Хумар