Өнерлі отбасының өмір тарихы

52

Біз Шымкент қаласында тұратын этнос өкілдерінің тұрмысын таныстыруды жалғастырамыз. «Отбасы тарихы» жобасының түсірілім тобы украин жанұяның шаңырағында қонақта болды. Күйеуі – скрипкада ойнайды, ал келіншегі концертмейстер маман.

Зуй отбасы есімі шетелге белгілі дарынды музыканттардың бірнеше буынын тәрбиелеген. Отағасы Борис Леонидович қазақ халқына деген риясыз құрметін музыка арқылы жеткізді.

23 жыл бұрын Шымкентте күтпеген мәдени-музыкалық оқиға болды. Сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясында Борис Леонидович Зуйдың жетекшілігімен скрипкашылар ансамблі құрылды. Күтпеген деп айтуымыз да бекер емес.

Тоқырау жылдары болып, шығармашылық тұрмақ, нан табудың өзі қиынға айналған кез еді. Борис Леонидович музыканттардың бірнеше буынын тәрбиеледі. Бүгінде олардың есімі шетелге де мәлім.

Борис Леонидовичтің жұбайы – Любовь Иосифовна үйінен қонақ үзілмейтінін айтады. Мына асүйде түрлі тағам әзірлейді. Соның ішінде қазақтың етін ең құрметті қонағына ұсынады.

Саяси қуғын-сүргін жылдарында түрлі ұлттың миллиондаған өкілі Қазақстанға қоныс аударылды. Солардың арасында Украин ұлты да болды. Олар қиын қыстау заманда қазақ халқының көрсеткен құрметін ешқашан ұмытпайды.

Борис Леонидович Шымкентте тұратын барлық ұлт өкілін ерекше құрметтейді. Оларға деген сүйіспеншілігін қашан да музыка арқылы жеткізеді.

Жанерке Хумар