«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС жаңғырту және жаңа құрылыспен таныстырды

385

«Оңтүстік Жарық Транзит ЖШС» инвестициялық бағдарлама аясында жоспарлаған ауқымды жұмыстарды кезеңімен жүзеге асыруда. Бұл жолы Түркістан қаласында іске қосылған энергетикалық нысандармен танысу мақсатында пресс-тур ұйымдастырылды. Шараға Түркістан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаменті, облыс әкімдігі мен сала мамандары , БАҚ өкілдері қатысты.

Жаңа Түркістан-әкімшілік іскерлік орталығын сапалы электр қуатымен қамтып отырған мына «Яссы»110/10-10 киловольт жабық үлгідегі қосалқы стансасы былтыр пайдалануға тапсырылған. Мұнда әрқайсысының қуаттылығы 40 мың киловольт Амперды құрайтын екі трансформатор, 110 киловольт элегаздық оқшаулағыш реттеуші қондырғысы қоса қойылған.

Бағлан Мырзахметов, «Оңтүстік ЖарықТранзит» ЖШС қосалқы стансасының жетекшісі: «Яссы» 110/10 киловольт заман талабына сай салынған  қосалқы станциясы.Негізгі мақсаты қазіргі салынып жатқан жаңа Түркістан, әуежайды электр энергиясымен қамту. Біздің артымызда тұрған КРУЭ 110 киловольт деп аталады. Бұл өнім Россияда өндірілген. Өзі өшіреді, ажыратқыштары бар».

Инвестициялық бағдарламадағы жоспарланған іс шаралардың орындалу барысымен етене танысу мақсатында сала мамандары келесі нысанға жол тартты.

Түркістанның іргесінде орналасқан Коммуналды қосалқы стансасы қала халқын , индустриалды аймақты электр энергиясымен қамтып отыр. 2018 жылы қалаға 25 мегават жеткілікті болса, Түркістан- облыс орталығына айналғаннан бері жүктеме артып, 60 мегават электр энергиясын тұтынуда,- дейді энергетиктер,
Исабек Сәменов, «ОЖТ» ЖШС Кентау қалалық электр желілері бөлімшесінің басшысы: «Түркістан» мен ЖБИ подстанцияларының жүктемесін төмендету үшін осы  желіні салдық. 1, 5 шақырым, 73Б желісі.  Шой, Теке қосалқы стансаларын  қосып осы «Коммунальная»  стансасына  өтті. Желінің  жалғасы бар. ескі Одақ  кезіндегі 35-тің «сечение»-95 ауыстырып жатырмыз».

«Оңтүстік Жарық Транзит » серіктестігі қабылдаған инвестициялық бағдарлама аясында қала аумағындағы өткізгіштіктері төмен желілерді өткізгіштігі жоғары желілерге алмастырылып, жаңа оқшаулағыштар, әуе желісі жаңартылды.

Нәтижесінде тұтынушыларға жеткізілетін қуат сапасы артып, желідегі апатты жағдайлар азайды.
Ғани Қойшиев , «ОЖТ» ЖШС Түркістан қалалық электр желелі бөлімшесінің басшысы «Ортақ» елдімекенінде қайта жаңғырту инвестициялық бағдарламасы бойынша күші-қуаттылығын арттыру есебінен жаңадан қосалқы трансформаторын подстанцияға қойғанбыз.Сосын тозғы жеткен әуе желілерді , ағаш бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Айбек Егембергенов, Түркістан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департменті басшысының орынбасары:»»Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің тарифін бекіту құзыреттілігі бізде. Сондықтан осы инвест бағдарламаның қаражаты тарифтік сметада қарастырылғандықтан, ол тікелей тарифке қатысы болғандықтан осындай баспасөз турын өткізіп тұрамыз. Яғни,халық өздерінің төлеген ақшасы, тарифтің ашықтығын, қамтамасыз ету мақсатында»

Энергетиктер инвестициялық бағдарламаға сәйкес, өткен ғасырдан бері қолданыстағы тозығы жеткен электр жүйелерін жаңартуды одан әрі жалғастырады. Негізгі мақсат халықты сапалы электр энергиясымен қамту.

Шынар Оразова