Шымкент: Көлік тізгіндеген арулар

104

Шымкентте көлік тізгіндеген қыз-келіншектер саны жыл сайы артып келеді. Қаладағы автомектептерде темір тұлпар айдап үйренуге ниетті жандардың 80 пайызын қыздар қауымы құрайды екен.

Қазіргі таңда көлік айдау тек ер адамдарға ғана тән ерекшелік емес. Сондықтан бүгінде, темір тұлпарды тізгіндеп қажетіне жаратып жүрген қаракөздер саны күн санап артып келеді. Бұл ақпаратты автомектеп мамандары да растап отыр.

Бекзат Сүлейманов, «Бек-Авто» автомектептерінің қалаушысы: «Статистика жүзінде оқып жатқан қыздар көптеу. Мысал ретінде аудиторияда 10 адам отырса , соның 6-7-сі қыз – келіншектер болып келеді. Қалғаны жігіттер. Неге қыздар автомектепке көбірек келеді, ұлдарға қарағанда. Өйткені, ұл-балалар үйінде папасының машинасын айдап, үйреніп, жақындау болып келеді. Ал қыздарды алатын болсақ, олардың көбісі нольмен келеді».

Жұмыс қажеттілігіне байланысты рөлге отырған Кәмшаттың көлік тізгіндегеніне биыл 16 жыл. Ол жол ережесін кітаптан өз бетінше оқып үйреніпті. Оның негізгі мамандығы аспаз болғанымен бүгінде такси де жүргізеді.

Камшат Бекмұратова, кәсіпкер: «Яндекстің ата-бабасына рахмет, әйтеуір жұмыс беріп жатыр. Құр жүргеннен гөрі арасында осындай тіршілік қылып жатқан жағдайым бар. Көбісі «әйел екен ғой, бірінші мәрте отырып жатырмын әйел таксиге» деп жатады.Молодец, дұрыс, күшті деп. Таңқалып жататындар болады. Кейбір келіншектер «мен де осылай машина айдағым келеді,қалай үйредіңіз, қалай болады?» деп сұрап жатады».

Айта кетейік, елімізде жүргізуші куәлігі 16 жасқа толған азаматтарға беріледі.

Диана Біржанова