Шымкентте 8 мың данадан астам алкоголь өнімдері жойылды

70

Шымкент қаласы Әділет департаментінің сот орындаушылары Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерімен бірлесіп «Синяя гора», «Қызылжар», «Айдабульская» және т.б. сауда белгілерінің заңсыз өнімдерінің көзін жойды.

Еңбекші аудандық сотының атқарушылық парағы негізінде сатылымға дайындалған 8 мыңнан астам алкоголь өнімдері жойылды. Тексеру шаралары кезінде Г.Т. есімді қала тұрғыны ғимараттардың бірінен цех жалдап, онда интернет желісі арқылы 1500 000 теңгеге сатып алған этил спиртін, арақ жабатын құралды, арақ бөтелкелерінің қақпақтарын, этикеткаларын, қораптары мен акциздік тауарларға жапсырылатын есепке алу-бақылау маркаларын пайдаланып заңсыз өнімдер жасаумен айналысқан. Сол өнімдер мен маркаларды, этикеткаларды алкагольдік өнімдерге жабсырып сатпақ болған.
Мейрам Мұхтаров, Шымкент қаласы бойынша әділет департаментінің бөлім басшысы: «Шымкент қаласы Экономикалық тергеп-тексеру департаменті оның заңсыз іс-әрекеттерін әшкерелеп, тергеп-тексеру шараларын жүргізген. Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін толық мойындаған. Еңбекші аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚК 233-бабының 2 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 458 500 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалды».

Аталған заңсыз өнімдер Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Сәуле мөлтекауданында орналасқан «Lead» ЖШС-де уақытша сақтауда тұрған жерінен санау жұмыстары жүргізіліп, қоқыс полигонында арнайы техника көмегімен сындырылып, топырақпен көму жолымен толық жойылды.

Шынар Оразова