Шымкентте мемлекеттік нөмірсіз жүрген азаматтар анықталды

100

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жыл басынан бері мемлекеттік нөмірсіз көлік құралын басқарған 97 жүргізушіні анықтады.

Барлық жайттар бойынша құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жол қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласының полицейлері құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі