Шымкентте мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасап келген цех анықталды

930

Шымкенттік тұрғын көліктердің мемлекеттік нөмірлерін қолдан жасауды кәсіпке айналдырған. Заңсыз цехты түркістандық полицейлер анықтаған. Тінту кезінде 103 нөмірлік белгі, 100-ден астам голограммалық жапсырмалар және нөмір жасауға арналған арнайы станок табылды.

https://youtu.be/QZz3BNQE6Uc?si=ot8pQ9eCdjTeacT8

Самара – Шымкент тас жолында жедел уәкілдер жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жүргізген жедел шаралар кезінде Нива автокөлігінің мемлекеттік нөмірі жалған болуы мүмкін екеніне күмәнданған.

«Полицейлер тез арада жедел әрекет етіп, көлік нөміріне қатысты жұмыстарды атқара бастайды. Осылайша олар көлік жүргізушісіне таққан нөмірінің басқа адамға тіркелгенін айтып түсіндіреді. Одан әрі қарай сақшылар жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар кешенін өткізеді. Нәтижесінде Шымкент қаласында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасап жатқан цехты анықтап, оның иесі ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Тінту кезінде полиция қызметкерлері 103 нөмірлік белгіні, 100-ден астам голограммалық жапсырмаларды және нөмір жасауға арналған арнайы станокты тапты» делінген Polisia.kz мәліметінде.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 386-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Полицейлер барлық мән-жайды анықтап жатыр.