Көлікті мемлекеттік нөмірсіз басқарған автоледи құрықталды

21

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалау аясында Түркістан облысы ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы көлік құралын мемлекеттік нөмірсіз басқарған жүргізушілерді анықтады. Яғни бейнекамералардың көмегімен ЖБО операторлары Түркістан қаласының орталық көшелерінің бірінде мемлекеттік нөмірсіз жүрген «Тойота Камри» маркалы автокөлікті байқап, дереу полиция нарядын бағыттады.

Белгілі болғандай, көлікті Түркістан қаласының әйел тұрғыны басқарған. Тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі «көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырып, автокөлікті айыптұраққа қойды.
Сол күні, облыс орталығындағы қиылыстардың бірінде полицейлер бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзған тағы бір жүргізушіні анықтады. «BMW» жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 2 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды: «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» мен «маневр жасау қағидаларын бұзу».
Полицейлер атап өткендей, ЖБО бейнебақылау камералары – қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға жедел ден қоюға, көшелер мен адамдар көп жиналатын орындардағы қоғамдық тәртіпті бақылауға, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерінің жолын кесуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде тәртіп сақшылары азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.