«Е-Апостиль» сервистік бағдарламасының артықшылығы көп

90

Биылдан бастап елімізде әділет және өзге де мемлекеттік органдардан сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға онлайн түрде апостиль қою жүйесі іске қосылды.

Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба. Бүгінде «Е-Апостиль» сервистік бағдарламасы Гаага конвенциясына қатысушы елдер – Испания, Грузия, Австрия, Колумбия, Молдова, Жаңа Зеландия, Испания, АҚШ-тың 1 штаты, Корея, Бельгия, Аргентина, Латвия, Чили елдерінде іске асырылуда.

Ресми құжаттарға апостиль қою «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба болуы жеткілікті. Электронды сұранымға электронды шлюз арқылы төлем жүргізіліп, апостильге жататын сканерленген құжат қосылады.

Құжат коды қалыптастырылған электрондық апостиль өтініш берушінің жеке кабинетіне түседі. Электрондық апостиль азаматтардың уақытын үнемдеп, халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдетеді. Бастысы, бұл жүйе алаяқтықтан қорғану күшейтіліп, қағазбастылықты жояды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент қаласы Әділет департаментіне электронды апостильдеуге 159 құжат келіп түсті, оның 125-не электронды апостиль қойылды.