Тату отбасының тарихы

92

Еліміздің үшінші мегаполисінде тұратын түрлі этнос өкілдерінің тұрмыс-тіршілігімен таныстыруды жалғастырамыз. “Отбасы тарихы” бағдарламасының түсірілім тобы бұл жолы Саркисян жанұясының үйіне барды.

«Қазақстанның бірегейлігі – оның бірлігінде», деп біледі отағасы Вардан Саркисян. Ол халықтар арасындағы достық түсінігі шымкенттіктердің жүрегіне ұялағанын бұрыннан біледі. Себебі, өмірде қандай қиындыққа тап болса да түрлі ұлттан достары көмек қолын созатынын айтады.

Варданның жан-жары орыс ұлтының өкілі, шымкентте туып-өскен. Қаламызға қоныс аударушылардың ұрпағы Шымкентті мәңгілік мекен етіп қалған.

Түрлі ұлттың өкілі болса да жарасымды жұп әрдайым тату-тәтті өмір сүріп келеді. Айтуларынша, бұған қоршаған орта, өмір сүріп отырған қоғам мен бірін-бірі түсіну ықпал етеді.

Шымкентте өз бірегейлегін сақтап қала отырып, басқаларды да танып-білуге әбден болады. Қазақстаннан көшіп кетуді ойладыңыздар ма деген сауалға: “Не үшін“, “Қайда” деп тез әрі сенімді жауап береді.

Жанерке Хумар