Шымкеттегі Ұлттық Ұлан жауынгерлері тәртіп бұзушылықты алдын-алды. 11 қыркүйек күні қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет барысында сағат 22:45 шамаларында түзеу мекемесі қабырғасының маңында қызыл түсті пакет жатқанын аңғарды. Тауып алынған зат бойынша әскери жасақ бірден әскери топ бастығы О.-ға баяндады.
«Біз өзімізге берілген ауданда ештеңеңі күдіктенбей әдеттегідей қызметімізді атқарып жүргенбіз. Кенеттен бір патрульші түзеу мекемесінің маңында қызыл түсті пакет жатқанын байқады», деп әскери жасақ бастығы К. атап өтті.
Табылған заттың ішіндегін анықтау үшін, оқиға орнына Еңбекші АПБ қызметшілерінің полиция экипажы шақырылды.