Әйелдер колониясында Қарттар күні атап өтілді

73

Бүгін ИЧ-167/4 әйелдер түзеу колониясында Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Жасы егде тартқан сотталушы азаматшалар өзара топтарға бөлініп, бақ сынасты.

Бір сәтке темір тордың ар жағындағы қатаң өмірді ұмытып, уақыттарын көңілді өткізуге тырысқан сотталушылармен арна тілшісі тілдесіп қайтты.

Шымкентте Қарттар күніне орай әйелдерге арналған түзеу мекемесінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жиында сотталушы азаматшалар 5 топқа бөлініп өзара сайысқа түсті.

Айнұр Әділбекова, ИЧ 167/4 түзеу мекемесінің бастығы: «Қарттар күнінде арналған сотталған азаматшалардың өздеріне арнайы тігілген көйлектері басқа да шараларын көрсету бойынша мерекелік іс-шара өткізудеміз. Қарт адамдар да кәрі екеніне қарамастан өз өнерлерін көрсетіп жатыр».

Іс-шарада 30-ға жуық мерзімін өтеушілер бақ сынады. Олардың өнерін мекеме басшылығы мен әкімшілік қызметкерлері бағалады. Айта кетейік, сайысқа түзеу колониясындағы жасы ең үлкен азаматша да қатысып, көпшілікті тәнті етті.

Татьяна Василий: «Менің жасым 70-те. Мен бүгінгі іс-шарада «Күз ханшайымы» костюмімен шығып отырмын. Өзімнің тобымның үмітін ақтауға барымды салып жатырмын. Ал менің басты тілегім бостандыққа шығып, отбасымның қасында болу».

Қарттар күні ИЧ-167/4 түзеу мекемесінде жыл сайын атап өтіледі. Мұнда қазіргі таңда 250-ден астам сотталушы жазасын өтеп отыр.

Әлихан Файзханов