Келесте қарттар күніне орай зейнеткерлер арасында жарыс өтті

68

Келес ауданында 1 – қазан Қарттар күніне орай зейнеткердер арасында сайыс өтті. Шараны “Қазыналы қария – Тең қоғам» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ұйымдастырды.

Аудандық қариялар шахмат және дойбы сынды спорт түрінен сайысқа түсіп, бақ сынады. Сондай-ақ жарысқа Жетісай, Шардара аудандарынан келген зейнеткерлер де қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша дойбыдан келестік зейнеткерлер 1 орынға ие болды. Ал шахматтан Жетісайлық «Асыл қазына – Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан келген қариялар жеңіске жетті.