Қарттар күніне және Республика күніне біржолғы материалдық көмек беріледі

178
Шымкентте 61 573 зейнеткер бар

Қарттар күніне және Республика күніне біржолғы материалдық көмек беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, бүгінде жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ кәсіпкерлердің ақшасына егде жастағы адамдарға сан алуан көмек жасалады. Биыл қос мереке кезінде біржолғы ақшалай көмек те беріледі. Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда 2,3 миллион зейнеткер тұрады.

«Қарттар мерекесіне орай Астана, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан мен Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Республика күніне – 25 қазанда Ақмола мен Павлодар облыстарында 234 мыңнан астам аға буын өкіліне 2-10 АЕК (6 900 – 34 500 теңге) көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі», – деді Жақыпова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.