Ақтаулық хирург-онколог шеберлік сабағын өткізді

70

Шымкентте бүйрек, асқазан және өңештегі қатерлік ісікке күрделі ота жасау жоспарлы түрде жүзеге асып келеді. Дәл осы бағыттағы оталау шеберлік сабағын жергілікті хирург- онкологтарға ақтаулық маман жүргізді. Ақ халаттылар тұрғындарды денсаулыққа мұқият болуға шақырады.

Облыстық клиникалық ауруханада жоспарланған 4 отаның бірі өңештің қатерлі ісігіне шалдыққан сарыағаштық тұрғынға жасалады. Ауруы асқынған тұста дәрігерге жүгінген науқастың қазіргі жағдайда қанағаттандырарлық.

Бүйрек-асқазан және өңештегі қатерлік ісікке ота лакроскопия, эндоскопиялық әдіс қолдану арқылы жасалады. Күрделі отаны ақтаулық хирург-онколог Мұхаметжан Нұрғазиев жүргізеді. Шеберлік сабағы барысында ол жергілікті мамандармен тәжірибесімен бөліседі.

Облыстық клиникалық ауруханада соңғы 3 жылда онкологиялық науқастар да емделуде. Оларға ота жасауда озық технологиялар, әдістер қолданылуда. Айта кететін жәйт, аурухананың заманауи құрылғы жабдықтармен қамтылуы күрделі оталарды жасауға мүмкіндік береді.

Жоғары технологиялар дамыған заманда қатерлі ісік дертінен айығуға болады. Тек адамдар өз денсаулықтарына мұқият болып, дәрігерге дер кезінде жүгінсе дейді ақ халаттылар.

Дәрігерлер тұрғындарға, ауруды емдегенше алдын алған әлде қайда тиімді деп кеңес береді.

Шынар Оразова