Нейрохирургия мамандарына шеберлік сабағы өтті

Түркістан облыcтық клиникалық ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесінде ақ халатты жандарға шеберлік сабағы ұйымдастырылды.

Мастер-класс астаналық профессор, нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Серік Дүйсенбінің қатысуымен өтті. Шеберлік сабағы аясында науқастарға бірнеше күрделі ота жасалды.

Соның бірі – науқаста сол жақ желке бөлігінің артериовенозды ақауы болуына байланысты, оған мидың желке бөлігінің АВМ микрохирургиялық кесілуі операциясы жүргізілді. Айта кетейік, барлық операциялар МӘМС шеңберінде жүргізілді.