Биыл 9 айда елімізде 23 мыңға жуық алтын құйма сатылған

73

Биыл 9 айда 822,9 кг өлшенген 22 837  алтын құйма сатылды. Халық үшін тазартылған алтын құймаларын сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын.

Осы кезден бастап, жалпы салмағы 2,4 тонналық 65 416 алтын құйма сатылыпты. Алтын құймалар – инвестицияның сенімді құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы жоғары сатылымды қамтамасыз ететін басты факторлардың бірі – екінші деңгейлі банктер мен банктік емес ұйымдар тұтынушыға ақшаны тапсырған күні төлеп, алтын құйманы кері сатып ала алады.

Осы бағдарлама аясында Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары жалпы салмағы 21,9 келі өлшенген 229 құйманы кері сатып алуға қабылдады. Солай бола тұра, екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктері 236,9 кг өлшенген 9 484 құйманы кері сатып алған. Бұл жалпы құймалардың 14 пайызын құрайды.

Шынар Оразова